СҚО-дағы қасиетті мекен киелі жерлер картасына енген

Еліміздегі киелі жерлер картасына енген діни орындардың бірі – Солтүстік Қазақстан облысындағы «Қазақстан Жұлдызы» алтарі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол польшалық католиктердің қазақ халқына жасаған сыйы. Наным бойынша, 1941 жылы Тайынша ауданы Озёрное ауылында кенеттен көл пайда болып, жер аударып келген адамдарды аштықтан аман алып қалды. Содан бері поляктар бұл жерді киелі санайды. Елді мекенде әлем Падишасына арналған ғибадатхана да салынды.

Мариуш Ставаж, «Мария – бейбітшілік патшайымы» ұлттық ғибадатханасының настоятелі:

– Бұл жер біздер үшін несімен қасиетті? 1941жылы наурыздың 25-і католиктердің мерекесінде Озерное ауылында мұз еріп, көлге айналған. Яғни көпшіліктің дұға-тілегі қабыл болды.