Шымкент қаласының делегациясы Грузияға жұмыс сапарымен барды

Шымкент қаласының делегациясы Грузияға жұмыс сапарымен келді. Мақсаты туризм саласында ынтымақтастықты дамыту. Бірнеше күнге жалғасатын сапар барысында олар ел тұрғындарын мәдениетіміз, тарихымыз және туристтік әлеуетімен таныстырады. Шымкент қаласының әкімшілігі мен Грузия сыртқы туризм қауымдастығы арасында өткен келіссөздер барысында тараптар пікір алмасып, ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды.

Азамат Қалқабаев, Шымкент туризм және сыртқы байланыстар басқармасы инфрақұрылымды дамыту бөлімінің жетекшісі:

- Кеше Кутаисиден қайтып келдік. Визит-орталықпен ынтымақтасу жөнінде келістік. Әзірше өзара ақпараттық турлар ұйымдастыруды көздеп отырмыз. Оларды көктемде, қызғалдақ гүлдейтін кезде күтеміз. Ал олар бізде 2 мамырда өтетін Кутаиси қаласының күніне шақырды. Оған қоса мэриясымен бауырлас қалалар болуға келістік. Осы бағытта жұмыс істеп, тиісті меморандумға қол қоямыз.

Мамука Келаурадзе, Грузия сыртқы туризм қауымдастығының құрылтайшысы: 

- Бұл біз үшін жаңа бағыт. Әдетте туристер Қазақстаннан бізге келетін. Шымкент үлкен шаһар, сондықтан бұл қызық болады деп ойлаймын. Оған қоса Кутаисиге тікелей рейстар бар, сондықтан тығыз ынтымақтастық орнатамыз деген үміттемін.