Елордада неміс тілін тереңдетіп оқытатын білім ордасына ширек ғасыр толды

Неміс гимназиясы деп аталатын танымал оқу орны 1996 жылы құрылды. Мұндағы бір ерекшелік мектепті тәмамдағаннан кейін түлектерге екі диплом табысталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол орта білім туралы куәлік және DSD дипломы. Айтпақшы, ел бойынша осындай  6 мекеме бар. 

Роза Қасқабаева, мектеп директоры:

- Тағы бір мүмкіндік бергеніміз шетелде оқуға. Ол жаққа барғанда осы жақтан емтихан тапсырады да, о жақта уже студент ретінде барады. Біздің мектебіміз 32 класс бар, 731 бала, балабақшамыз бар. 4 топ 100-ден аса бала оқиды.

Білім ұясында білім алуға қызығушылар көп. Мәселен, бір орынға 4 бала таласады. Өйткені мұнда балалар тегін оқиды. Қазақстанда неміс тілін тереңдетіп оқытатын мектептерге Германия үкіметі қолдау көрсетеді.

Лаура Нұрғожина, 11-сынып оқушысы:

- Мен 1 сыныптан бастап неміс тілін  үйрендім.Әртүрлі олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болдым. Неміс тілінде еркін сөйлеймін. Германияда тәжірибеден өтіп, білімімді шыңдадым. Еуропадағы білім мен үшін өте маңызды.

Илья Пискун, 11-сынып оқушысы:

Мен Германиядағы Ганновер қаласында дүниеге келдім. Кейін біз Қазақстанға көштік. Мұнда неміс мектебі барына таң қалдық. Қазақстан менің де отаным. Мен өте қуаныштымын. Осында білім алғаныма разымын.

1997 жылдан бастап гимназияда арнайы бағдарлама арқылы Германиядан мамандар келіп, өз тәжірибелерімен бөліседі.  Озат түлектер 1 айға дейін Германия гимназияларында оқуға мүмкіндік алады.

Авторы: Наргиз Бекмағанбетова

Сондай-ақ...