loader


Елорда атауын ауыстыру: халық пікірі

Елордалықтар қаланың атауын қайта өзгертуді қолдай ма? Тұрғындар бас қаланы қазір қалай атап жүр? Өздерінен сұрап білдік.

– Қолдаймын, Астана болсын. Бұрын Астана еді ғой.

– Көпшілік жұрт әлгі Астана деген атауды өте жақсы көреді. Жақсы, тілге де оралымды.

– Негізінде Нұр-Сұлтан дегені де дұрыс. Себебі астана деген столица. Оның бір атауы болу керек ғой. Нұр-Сұлтан деген атау дұрыс менің ойымша.

– Жалпы менің ойымша негізі Ақмола деген атты қойса, дұрыс болады деп ойлаймын. Өйткені тарихи аты.

– Нұр-сұлтан болған күннің өзінде біз Астана деп айтатынбыз. Үйреніп алдық солай.

– Қолдаймын, ал егер де мынау әріптерді ауыстыру керек, бюджет бөлінеді десе мен келіспеймін.

Сондай-ақ...