Оралда әкімдік тегін жер алатын адамдарды таппай жүр

Оралда әкімдігі 300-ге жуық тегін жер телімін кімге берерін білмей дал. Бұл жылжымайтын мүліктер осыдан 20 жыл бұрын кезекке тұрған адамдарға тиесілі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда олардан өтініш түспей жатыр. Ұзақ уақыт сарыла күтіп, үміті үзілді ме, әлде басқа себеп болды ма, белгісіз. Әкімдік қызметкерлері оларды өздері іздеуге кіріскен. Қала билігі биыл Круглоозёрное кентінен 900 жер телімін бермек. 2002-2004 жылдары кезекке тіркелген 608 тұрғынның құжаты қабылданып, рәсімделіп жатыр. Ал қалғаны кімге бұйырары әзірге беймәлім. «Егер кезектегі азаматтар басқа елді мекеннен жер алған болса, бұл жолы ала алмайды. Ал қайтыс болса, жылжымайтын мүлік кезегі ұрпағына мирас болып қалмайды» – дейді мамандар.

Асхат Құлбаев, қала әкімінің орынбасары:

– Біз бұл азаматтарды таппасақ та, олар кезектен шығарылмайды. Тек олардан кейінгі азаматтар алға қарай жылжи береді. Жер телімі алдымен үш жылға жалға беріледі. Осы мерзім ішінде тұрғындар үйді салып бітіруі керек. Сонда ғана жылжымайтын мүлікті жекешелендіре алады. Ал оған дейін жерді басқа біреуге жалға беруге немесе сатуға құқы жоқ.

Сондай-ақ...