AMANAT партиясының өңірлердегі мобильді қоғамдық қабылдаулары жалғасып жатыр

AMANAT партиясының мобильді қоғамдық қабылдаулары Батыс Қазақстан мен Қызылорда облыстарында жалғасты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Партиялықтар бір күнде 4 елді мекендегі 100-ден астам азаматтың өтінішін тыңдады. Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының тұрғындары сумен жабдықтау, кентішілік, аудандық жолдарды жөндеу, абаттандыру және өзге де өзекті мәселелер бойынша жүгінді. Сондай-ақ, Қызылорда облысының Жалағаш ауданында болған қоғамдық қабылдау мүшелері ауыл тұрғындарының назына құлақ түрді.

Азамат Біржанов, республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі жетекшісінің орынбасары:

– Мобильдік қабылдаулар 800-ден астам шалғай ауылдық елді мекенде болып, 7 мыңнан астам азаматты қабылдадық. Мәселелерді үш деңгейде бөліп отырмыз. Бірінші аудандық, сосын облыстық кейін республикалық деңгейде шешілетін мәселелер бар.