Конституциялық Сот судьяларының өкілеттік мерзімі 8 жылға дейін ұлғайтылады

Бұл жайында Әділет министрі Парламент палаталарының бірлескен отырысында Ата Заңға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы заң жобасын таныстыру кезінде мәлімдеді.

Қанат Мусиннің айтуынша, Конституциялық Сот судьяларының өкілеттік мерзімі оларды тағайындайтын адамдардың өкілеттік мерзімінен асуға тиіс. Бұл әлемдік тәжірибе.

Серік Ақылбай, «Қазақстан Заңгерлері Одағы» РҚБ төрағасы: 

– Конституциялық соттың төрағасын, оның төрт мүшесін Президент ұсынады. Олар сайланады Парламентте. Сенат үш адамды ұсынады, және Мәжіліс үш адамды. Бірақ олар соларға бағынбайды. Мәжілістің сайлануы 5 жыл. Сенаттың сайлануы 6 жыл. Ешкім одан (КС-тан) аса алмайды.