Жемқорлық тәуекелдерінің картасы жасалады

Жер қатынастары, құрылыс пен жол жөндеу, инфрақұрылымдық жобалар және экология. Мамандардың зерттеуінше, бүгінгі күні дәл осы салаларда жемқорлық қаупі басым екен. Жыл басынан бері өңірде 12 қылмыс тіркелген.

Дмитрий Малахов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары:   

- Бізге жұмыс тәсілін өзгерту керек. Агенттік әр аймақтың ерекшеліктерін ескере отырып «жемқорлық тәуекелдерінің картасын» әзірледі. Бұл құжатта қызмет түрлерінің ашықтығы, әкімшілік кедергілерді жою, қолданыстағы заңнаманы жетілдіру секілді ең өзекті мәселелер қамтылған.

Кәсіпкерлермен болған кездесуде Дмитрий Малахов бизнесті мемлекеттік құрылымдардың заңсыз араласуынан қорғау бағытында қолға алған шаралармен таныстырды. Бұл ретте кәсіпкерлердің де адал еңбек етуін атап өтті. Мемлекеттік сатып алуда «бармақ басты, көз қысты» әркетке жол бермеу керек деді.  

Жеңіс Қасымбек, облыс әкімі:

- Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің дамуын тежейді. Инвестициялық климатқа нұқсан келтіріп, ірі компаниялардың өңірімізге келуіне кедергі жасайды. Бұл өз кезегінде халықтың әл-ауқатына әсер етеді. Сондықтан жемқорлық қоғам болып күресуіміз керек.

Бұл күні Дмитирий Малахов Теміртаудағы металлургиялық комбинатта болып, экология талаптарын орындамай отырған компания басшыларына ескерту жасады. Сонымен қатар Күнгей ықшам ауданының тұрғындарымен кездесіп, жер дауына қатысты өтініш-тілектерін тыңдады.

Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Зарина Зұлпыхар