Таразда құқықтық қызмет тегін көрсетілді

Таразда 40-тан аса қызметкер халыққа құқықтық қызметті тегін көрсетті. Шара «Халық заңгері» акциясы аясында өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Акцияға құқық қорғау саласының мамандары мен заңгерлер қатысты. Сонымен қатар әкімдіктің барлық басқарма басшылары тартылды. Мұндағы мақсат қызмет алушының мәселесін бір жерден шешу. Кеңес алуға келгендердің басым бөлігі жер учаскелерін алу, баспаналы болу, әлеуметтік көмек пен медицина саласына қатысты сауалдармен қайырылды. Мамандар іс-шараның нәтижелі екенін айтуда. Мәселен карантинге дейінгі соңғы 4 жылда құқықтық көмекке еліміз бойынша 100 мың адам жүгінген. Ұйымдастырушылар әр тұрғынның мәселесі жеке дара қаралады дейді.

Дәурен Омаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің басқарма басшысы:

– Әрбір орындықта, әрбір орган қызметкерлерінде бізде осындай арнайы парақша беріліп отыр. Сол парақшаға аты-жөні байланыс телефондарын барлығын осы жерде, мәселенің шешілгендігі жөнінде сол жерге отметкасын жазып көрстеді. Егер де шешілмеген мәселелер болатын болса, біз ол азаматтармен өзіміз хабарласып, оны ары қарай да бақылауға алып, мәселесін шешуді қарастыратын боламыз.