Алматыда Apоrt Mall сауда орталығы мерейтойына орай ұтыс өтті

Еліміздегі ең ірі «Апорт Молл» 13 жылдық мерейтойына арнап қомақты ұтыс ойынын өткізді. Бас жүлде мегаполистен 3 бөлмелі пәтер. Ірі сауда орталығының мерекесін тойлауға және ұтыс ойынына қатысуға мыңдаған алматылықтар мен қала қонақтары жиналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Apirt Mall-дың аумағында ине шаншар жер жоқ. Алматы мен Алматы облысынан келген тұрғындар айтулы мерекені қызықты өткізуге атсалысты. Пәтер ұтысымен, мереке құрметіне «Апорт» өз қонақтарына көптеген бағалы сыйлықтар мен жүлделер тарту етті. Сондай-ақ эстрада жұлдыздары Бүркіт пен Аиша әннен шашу шашты. Жиналған қауым өнерпаздарға қосылып ән шырқап, қошемет көрсетті.

Динара Aмренова, маркетинг департаментінің директоры&

– 13 жылдық мерейтойға орай қонақтарымыз арасында 3 бөлмелі пәтер ұтыс ойынын өткіздік. Оған қатысу үшін сауда ойын сауық орталығына келушілер сауда жасаған чектерін леторея билетіне айырбастады. Аз уақыттан соң біз жеңімпазды анықтайтын боламыз. Бақытты жан «Элитстрой» компаниясы салған «Достар» тұрғын үй кешенінен 3 бөлмелі пәтердің иесі атанатын болады.

Ұтыс нәтижесінде, кездейсоқ таңдау жасау арқылы Алматы қаласының тұрғыны Ғани Мұқанұлы 3 бөлмелі пәтерге ие болды. «Апорт» Молл 13 жыл бойы алматылық отбасылар мен қала қонақтарының сүйікті сауда және демалыс орнына айналды. Ай сайын 1 000 000-нан адам «Апортқа» қонақ болады. Бұл – ауқымды сауда орталығының тұрғындардың бос уақытын өткізетін және сауда жасайтын сүйікті орындарының бірі екенін көрсетеді.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Валентин Лобанов

Сондай-ақ...