Елордада ақпараттық тақтайшалар ауысты

Бас қала атауының Астана болып қайта өзгертілуіне байланысты елордаға кіре берістегі автожолдар бойындағы 467 ақпараттық тақта ауыстырылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір оның 100-ге жуығына демонтаж жұмыстары жүргізілді. Ресми мәліметке сүйенсек, жаңа ақпараттық паннолар жолдарды күтіп-ұстауға бөлінген қаражат есебінен жаңартылмақ. Одан бөлек, қала ішіндегі бұрынғы атау жазылған көрнекі инсталляциялар да жаңартылып жатыр.