Елімізде дәрігердің кәсіптік жауапкершілігі бойынша міндетті сақтандыру жүйесі енгізіледі

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді. Ведмство басшысы, Мәжіліс депутаттарына осыған қатысты заң жобасын таныстырды.

Оның айтуынша,  медицина қызметкерлерінің практикалық қызметі қоғамның игілігі үшін үнемі қауіп-қатермен байланысты. Алайда бұл ауыр еңбек қоғамда тиісті деңгейде бағаланбай отыр. Сондықтан,, науқасқа қатысты келтірілген зиянды өтеу үшін,, медицина қызметкерлерінің міндетті сақтандыру жүйесін кезең-кезеңмен енгізу қажет. Заң жобасы дәрігердің мәртебесін арттыру, науқастардың құқығын қорғау және медициналық көмектің сапасын арттыруды мақсат етеді. 

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Науқасқа келтірілген зиян үшін өтемақы төлеуді денсаулық сақтау министрлігі айқындаған болса, сақтандыру компаниясы жүргізеді. Төлемнен бас тартқан және шешіммен қанағаттанбаған жағдайда науқас сотқа жүгінуге құқылы. Сотқа жүгінген кезде төлем жүргізілмейді.

Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрі «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері» атағын енгізуді ұсынды. Оған қоса 1000 Айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы сыйақы тағайындау қажеттігін айтты.