Түркияға аттанған велошабандоз, Хабар 24 арнасының тілшісі Ақтөбеге жетті

Торғайдан Түркияға аттанған велошабандоз, Хабар 24 арнасының тілшісі әріптесіміз Ернат Қашқынов  Ақтөбеге жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол бұл сапарын Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арнады.  5-ші қыркүйекте сапарға шыққан Ернат 1520 шақырым жер жүріп өтті.  Жолда аялдаған елдімекендер мен қалалардың өткен тарихи туралы желіде түрлі ақпаратпен бөлісіп келеді.  Музейлерде жинақталған жәдігерлер жөнінде баяндайды.  Ернат бұл сапары арқылы бірнеше игі іске үлес қоспақ. Ең алдымен Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметін насихаттау және  елдің тарихын дәріптеу. Тілшіміз Ақтөбеден кейін Ақтауға аттанып, кейін Бакуге дейін Каспий теңізін кесіп өтпек. Әрі қарай Грузия арқылы Түркияға өтуді жоспарлап отыр. 

Ернат Қашқынов, велосаяхатшы, Хабар 24 арнасының тілшісі:

- Елді сүю деген елді танудан басталады. Менің осы велошеруім, бұл тек қана спорттық қана емес, сол танығанымды, көрген, білген түйгенімді інілерімізге, қарындастарымызға, жастарға жеткізу. Ахмет атамыз тек қана қазақ халқының ғана емес, берісі түркі әлемінің, әрісі бүкіл әлемге ортақ тұлға ғой. Енді сол насихатқа үлес қосу.