loader

Торғайдан Түркияға аттанған велошабандоз, «Хабар 24» арнасының тілшісі Ернат Қашқынов Ақтөбеге жетті

Торғайдан Түркияға аттанған велошабандоз, «Хабар 24» арнасының тілшісі Ернат Қашқынов Ақтөбеге жетті

Ол бұл сапарын Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арнады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

5 қыркүйекте сапарға шыққан Ернат 1520 шақырым жер жүріп өтті.  Жолда аялдаған елді мекендер мен қалалардың өткен тарихы туралы желіде түрлі ақпаратпен бөлісіп келеді.  Музейлерде жинақталған жәдігерлер жөнінде баяндайды. Ернат бұл сапары арқылы бірнеше игі іске үлес қоспақ. Ең алдымен Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметін насихаттау және елдің тарихын дәріптеу. Тілшіміз Ақтөбеден кейін Ақтауға аттанып, кейін Бакуге дейін Каспий теңізін кесіп өтпек. Әрі қарай Грузия арқылы Түркияға өтуді жоспарлап отыр. 

Ернат Қашқынов, велосаяхатшы, «Хабар 24» арнасының тілшісі:

- Елді сүю деген елді танудан басталады. Менің бұл велошеруімнің мақсаты  – тек қана спорттық қана емес, танығанымды, көрген, білген, түйгенімді інілерімізге, қарындастарымызға, жастарға жеткізу. Ахмет атамыз тек қана қазақ халқының ғана емес, берісі түркі әлемінің, бүкіл әлемге ортақ тұлға ғой. Енді сол насихатқа үлес қосу.  

Сондай-ақ...