Қарағанды облысында әскерге барғысы келмейтіндер көп

Қарағанды облысында әскерге барғысы келмейтіндер көп

Әскерге барғысы келмейтіндер көп. Қарағанды облысында биыл азаматтық борышын өтеуге 2 жарым мың жас аттануға тиіс еді. Оның 1270-і көктемде шақырылған, деп хабарлайды «хабар 24».

Бірақ 13 сарбаздың орыны толмаған. Мамандар тепсе темір үзетін бұл жігіттер әскери міндетінен көпе-көрінеу жалтарып отыр дейді. Қазіргі уақытта 2150 адам қашып жүр. Оның басым бөлігі Қарағандының өз басында тұратындар. Мамандар полициямен бірлесіп, адам көп шоғырланатын жерлерде рейд жүргізіп әлгілерді ұстауға кіріскен. Сөйтіп 417 жасты қорғаныс департаментіне өздері жеткізген. Енді мұндай рейд апта сайын жүргізіледі. Атап өткен жөн, тақауды Қорғаныс министрі мен Білім және ғылым министрі әскери борышын өтеген азаматтарға 3000-нан астам грант бөлуге дайын екенін айтқан. Яғни отан алдындағы борышын өтегендер жоғарғы оқу орнында тегін оқиды. Бірақ бұл жаңашылдық жастардың жігерін жани ма, жоқ па белгісіз.

Мұхтар Қайшатаев, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысының орынбасары:

– Қазіргі уақытта неше түрлі кредиті бар, телефоны бар, жұмыс істейміз дейді. Бір жыл бойы армияда бостан-босқа уақыт өткізбейміз деген ойлары бар. Қазіргі таңда әскери бөлімдерде бар жағдай жасалып тұр ғой. Тамақтары тоқ, киімдері бар. Қазір бұрынғы 90-шы жылдардағыдай емес. Біздің Қазақстанда жігіттердің рухтары жетеді. Бірақ, оны үйрену керек әскери тәртіппен әскери дайындыққа, қалай автоматтан ату керек.