Таразда қабырғасын қыш емес кітаптан қалаған құдық бар

Көрем десеңіз, 3 мертрлік бұл құдық Тараз өңірлік университетінде тұр, деп хабарлайды «хабар 24».

Осындағы кітапхана қызметкерлері өздері жасаған. Университет қорындағы мағынасы ескірген туындыларды пайдаланыпты. Жалпы мұғдары – 8 мың кітап. Мамандар осы арқылы ескі кітапқа жаңа тыныс бердік дейді. Бір ерекшелігі құдыққа, жанындағы саңылаудан үңілген адамға, оның тереңдігі шексіз болып көрінеді. Кітапхана директоры туынды барынша қауіпсіз етіп жасалды дейді.

Гүлжан Ержанова, университеттің кітапханалық ақпараттық орталығының директоры:

– Желімдеулігі проценті жоғары клеймен желімделді. Қосымша темірмен тартылды. Үстіне астына айна қойылды. Адам білімге кіріп кетсе, әрі қарай шексіздік пайда болады. Оның түбіне жете алмайсың. Сол сияқты сондай белгіні білдірсін деген оймен жасалынған.