Оралда тері өңдеу түйткілге айналды

Оралда аяқ киім өндірілетін фабриканың жұмысын енді түрік компаниясы жалғастырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өндіріс орны осыдан бес жыл бұрын аймақтың индустриаландыру картасы аясында ашылған еді. Оның өндірістік қуаты тәулігіне 700 ірі қара терісі мен 2 жарым мың қой терісін өңдеуге жетеді. Әр ауысым сайын 800 жұп аяқ киім тігуге мүмкіндік болған. Алайда алғашында шикізат тапшылығы байқалды. Компания өкілдері агроқұрылымдарда теріні сыпыру технологиясы сақталмайтынын алға тартты. Дегенмен бұдан өзге де түйткілдерге тап болған фабриканың жұмысы тұралап қалды. Компания басшысының айтуынша, биылдан бастап өндіріс ошағы шетелдіктерге жалға берілген. Олар шикізатты жергілікті шаруалардан қабылдайды. Ал дайын өнім енді экспортқа жіберіледі екен.

Сондай-ақ...