Елімізде сәби өлімі 6,5% артқан

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният медицина саласында атқарылған жұмыс қорытындыларын Үкімет отырысында баяндады, деп хабарлайды «Хабар 24».

 Әсіресе сәбилердің шетінеуі Шымкент пен Қостанай облыстарында көп тіркелген . Ел аймақтарында ана өлімі де тыйылмай тұр. Павлодар, Қарағанды, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында көрсеткіш жоғары. Бұл ретте Премьер-министр Әлихан Смайылов өлім-жітімнің алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды. Денсаулық сақтау министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп заманауи перинаталдық орталықтардың санын арттыруды жүктеді.