Қант өндірушілерге қосылған құн салығы бойынша жеңілдік мерзімі ұзартылады

Ал балықпен айналысатындарға құн салығын 70% азайту туралы норма ұсынылып отыр. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салық мәселесіне арналған заң жобасын талқылау кезінде ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров осындай баяндама жасады. «Бұл отандық тауар өндірушілерді ынталандыруға бағытталған», – деді Әлібек Қуантыров.