Түркістанда IV республикалық жас патриоттар форумы өтті

Оған елдің әр аймағынан 400-дей дарынды бала қатысты. Олар «Жас патриоттар» академиясының мүшесі. Талантты балалар өз өнерін көрсетіп, ел мен жерге, Отанға қатысты ойларын ортаға салды, пікір алмасты, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Жас патриоттар» академиясы 2016 жылы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» жанынан құрылған. Содан бері жастар жыл сайын бас қосып, форум өткізеді. Биыл ұйымдастырушылар дәстүрлі шараны түркі жұртының рухани астанасы Түркістанда өткізуді жөн санапты. Қазір елдің əр аумағындағы 3000-нан астам бала осы академияның мүшесі.

Алдияр Хасенов, форумға қатысушы:

- Мынадай форумдар балаларға ұйымшылдықты біріктіріп, әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырамыз. Балаларды патриотизмге баулимыз. Сонымен қатар өзіміздің командамызды құрып, балалардың патриоттық рухын көтереміз.

Тілдәш Битуова, ардагер ұстаз:

- Отбасындағы ата-аналарын, туған-туысқандарын құрметтеу, ұстаздарын құрметтеу, жерімізді, елімізді, өлкетану – барлығы сол балаларды еңбексүйгіш қылып, жақсы оқытып, Отаны сүюге тәрбиелеу. Бұл қарлығаштың аузымен су тамызғандай дүние деп танып едік, қазір ауқымы кеңейіп, жақсы өріс алып келе жатыр.