Ақтөбеде қоғамдық орындарда әжетхана жоқ

Ильгиям Папашев бос уақытын балаларына арнап, таза ауада өткізгенді жақсы көреді, Сондықтан, қаладағы саябақтарда жиі серуендейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда оларды дәрет қысса, үйге қайтудан басқа амал жоқ. Себебі, демалыс орындары мүлде әжетханамен қамтылмаған.

Ильгиям Папашев, қала тұрғыны:

- Үйден шығардың алдында «әжетханаға барып алыңдар» - деп айту әдетке айналды. Өйткені, саябақ аумақтарында дәрет сындыратын орынның жоқ екенін жақсы білеміз. Кейде амалсыздан көзден таса жерге апаратын болдық. Бұл әрине ұят жағдай. Сондықтан, менің ойымша әжетханалардың жоқтығы – үлкен мәселе.

Қоғамдық орындарда әжетхананың жоқтығы бала түгілі ересектерге де белгілі. Сондықтан, бұл мәселеге жауапты мекемелердің көңіл бөлгенін қалайды. 

Биотуалеттер бұрын мына парктерде болды, менің стуідент кездерімде, есімде. Қазір байқамайды екенмін ондайларды. Қазіргі таңда мұндай жағдай қарастырылмаған халыққа.

Мысалы біз деген кейбір дүкендерге кіріп кетеміз ғойғ "мына жақта әжетхана бар ма?", "мына жаққа кіруге бола ма?" деп. Ол негізі ыңғайсыз. Сондықтан да общественный месталарда болу керек деп ойлаймын енді. Бірақ бізде жоқ иа.

Көшенің қақ ортасында болмаса да, қалтарыстың бірінде әжетхана болу керек.

Анықталғандай, қаланың әр жерін әжетханамен қамту ісі соңғы жылдары мүлде тоқтаған. Бұны тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мамандары да мойындап отыр. Соңғы рет 2018 жылы бюджеттің 9 млн теңгесінен астам қаржыға 4 дәретхана орнатылған. Алайда, қазір оның тек орталық саябақта қойылғаны ғана жұмыс істеп тұр. Қалған үшеуі әлдеқашан істен шыққан. Қайта қалыпқа келтіру үшін енді 500 мың теңге көлемінде қаражат керек.

Әділбек Ахмет, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы:

- Қаржы бөлінуіне қарай біздер жөндеу жұмыстарын жүргізетін боламыз. Және де біздің атымыздан бюджеттік өтінім жолданатын болады жаңадан қоғамдық орындарға дәретханалар салуға. Тағы да он дәретхана салуды қажет етеді қала аумағында.

Мамандар бұл мәселені шешу тек келер жылы ғана қолға алынатынын айтады.