Жәрдемақы электронды түрде рәсімделеді

Қыркүйек айында 20 мыңнан астам қазақстандық жәрдемақы алу туралы хабарламаны электронды түрде алды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова «Бетпе-бет» бағдарламыснда мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, бұл бастама пилоттық негізде жүзеге асуда. Қазірдің өзінде 9 мың азаматтың құжаттары рәсімделіп жатыр. Болашақта мұндай төлемдерді алу үшін мемлекеттік органдарға барудың қажет болмайды. Яғни бұл қызметтер проактивті түрде көрсетілмек.

Тамара Дүйсенова, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

– Азаматтарға цифрлық технологиялар қолдана отырып, әр мекемеге бармастан мемлекеттік органдардағы бар ақпараттық жүйелерге сәйкес кепілдендірілген көмекті беру мәселесін бастап кеттік. Отбасылық карта дегеніміз осы.