Такси жүргізушілері әлеуметтік тұрғыдан қорғалады 

Такси қызметімен айналысатын компаниялар көлік жүргізушілері үшін әлеуметтік төлемдер жасау керек. Тамара Дүйсенованың мәлімдеуінше, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі оларға осындай талап қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетерлігі, қазір 150 мыңнан астам қазақстандық такси жүргізушісі болып істейді. Бұл азаматтар өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етіп отырғандықтан, олар әлеуметтік тұрғыдан қорғалмайды. Яғни ауырып қалған жағдайда олардың жалақысы сақталмайды және де такси жүргізушілері тегін медициналық қызметтерге қол жеткізе алмай отыр.

Тамара Дүйсенова ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

– Жұмыссыз қалғанда 6 айға дейін жалақысының 40 процентін ала алмайды. Компанияларды шақырып, былай дедік. Қазір әрбір таксист «Яндекске» қызмет еткені үшін 5 процент, 15 процент үстеме ақы төлеп отырмыз. Оларға талап қойдық. Әлеуметтік қамсыздандыру қорға жіберіңіздер.