Орманды қалай сақтаймыз – отандық ғалымдар

Отандық ғалымдар арнайы технология арқылы орман шаруашылығының негізгі түрлерін көбейтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бастама мемлекет тарапынан қолдау алып, бюджеттен 300 млн-ға жуық қаражат бөлінген. Мәселен, жылыжайға 500 мың көшет отырғызылып, 250 гектар орман қалпына келтірілген екен. Мына жылыжайда 200 мың өсімдік бар.

Атап айтсақ, қарағай,қылқан жапырақ, қайың және басқалары. Ғалымдардың тың жобасына Ресей мен еуропа көз тіккен. Алайда мамандар өнімді шетелге экспорттаудан бас тартыпты. Өйткені елде де сұраныс жоғары дейді. 

Тимур Веряченко, жоба жетекшісі:

Жылыжайда қылқан жапырақ өсіреміз. Егер біз сыртта ексек, ол 2 не 3 жылда  нәтиже береді, ал жылыжайда өскен қылқан жапырақ тез жеміс береді. Көшеттер мен тұқымның жаңа сұрыптары орманға отырғызылады. Қазір қосымша эксперемент жасап жатырмыз. Енді жылыжайға қайың ектік. Мінекей, бір маусымда 10-15 см-ға дейін өсті енді орманға отырғызсақ болады.

Осылайша қазақстандық ғалымдар өнімділігі төмен орман алқабын қылқан жапырақты ормандарға ауыстыру технологиясын енгізеді. Мамандар Финляндия, Хорватия елдерінің техникасымен жұмыс істейді.  

Сермұхамет Оралұлы, мекеме басшысы:

– Осы жоба арқылы 56 кісі жұмысқа орналастырылды. Салық төлеп жатырмыз. Мына жерде үлкен жылыжай салынды. Осы кесіп жатқан ағаш орнына балаларға деген табиғат қалсын деп сондай жұмыс істеп жатырмыз.

Серік Мәжікенов «Ғылым қоры» АҚ бас менеджері:

Бұл экология жағынан өте пайдалы. Қылқан жапырақты ағаштар қайың ағаштарға қарағанда оттегіні көп береді. Ағаш өнеркәсібі үшін де бұл тиімді болады.Себебі, іскерлік ағаш шығыны 85 пайыз болады. Бұл орманның құндылығын арттырады.

Айтпақшы қылқан жапырақты ағаштарды жетілдіру үшін ауданы мың шаршы метр болатын жылжай сатып алынған. Жылына 500 мың көшет отырғызуға болады. Ол 250 гектар орманды қалпына келтіре алады. Сонымен қатар ағаш қалдықтарын кәдеге жаратуға болады. Мәселен, айына 100-140 тонна отын ағашын шығарады.  

Наргиз Бекмағанбетова, тілші:

Елде ғылыми кадрлар тапшы. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында 52 мың маман болса, қазір тек 22 мың ғана қызметкер еңбек етіп жатыр. Ал жоғарғы оқу орындарының 70 проценті ғылыммен айналыспайды.

Жуырда жауапты мекеме ғалымдардың санын 50 процентке аттырамыз деді. Яғни ұлттық жоба бойынша ғылымның кадрлық әлеуетін нығайту үшін 2025 жылға дейін ғалымдар санын 1 жарым есе арттыру міндеті қойылған. Бүгінде ғалымдар мен зерттеушілердің саны 21 мыңнан асады. Ғалымдар көбейсе, осындай пайдалы жобалардың саны артпақ.

Авторлары: Наргиз Бекмағанбетова, Ақылбек Есімсейітов, Төлеген Иманов, Нұргүл Ахметова, Айдарбек Айтмұхамбетұлы