Ақтөбеде қоқыс полигоны жойылады

60 гектар аумақтағы тұрмыстық қалдықтар арнайы техниканың көмегімен тығыздалып, кейін қалың құммен жабылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір бұл жұмыс үшін тендер жарияланып, қала бюджетінен 200 миллон теңгеден астам қаржы қарастырылды. Жоба екі жылда атқарылуы керек. Нәтижесінде, қаланың қоқыс полигоны келер жылдың көктемінде жойылуы тиіс.

Айта кетейік, биылдың өзінде мұнда жиі өрт болды. Салдарынан қолқаны қапқан жағымсыз иіс Ақтөбенің бірқатар шағын ауданына тарады. Қала билігі жаңа полигон ашып, қоқыс өңдеу кешенін  салуды жоспарлап отыр.

Асхат Шахаров, қала әкімі:

– Болашақта мына жаңа полигон 6-8 жылға жететін болса, оған дейін біз әрине сұрыптау мәселесін, зауыт келер жылы мұны біз іске қосатын боламыз және өңдеу зауытын. Көліссөздер қазір германиялық компаниямен сөйлесіп отырмыз. Егер нәтижесі екі жақты келісім болса оған да кірісетін боламыз. Ол мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі арқылы іске асатын болады.