loader


Маңғыстау облысында қалдық қоймасы жұмысы қайта жанданды

Қошқар ата қалдық қоймасын қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір 905 гектар жерге топырақ төселуде. Сондай-ақ 2024 жылға дейін 80 гектар жерге сексеуіл егіледі.

Айта кетейік, аталған аймақ Басқұдық ауылының маңында орналасқан. Мұнда 100 тоннадан астам радиоактивті қалдық жиналған. Залалсыздандыру жұмыстарына биыл республикалық бюджеттен 3 млрд.теңге бөлінген болатын. Алайда төлем уақытылы жасалмағандықтан жұмыстар тоқтап қалған еді.

Есенқос Әділбаев, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары:

– Әкімдік тарапынан алдағы жылдарға сұратылған құжаттар республикалық бюджеттен қолдау тапты. Жылдың аяғына дейін бекітілген кесте бойынша игерілетін болады. Қазір мердігер компания өз жұмыстарын өз қаражаты есебінен жасап жатыр. Жұмыс барысында 20-ның үстінде техника жасап жатыр. Бүгінгі жағдай бойынша 160 га қалпына келтірілді.

 

 

Сондай-ақ...