Қарағанды облысында 100 шақырым жолға асфальт төселді

«Қарағанды – Балқаш» тас жолының 100 шақырымы жаңартылды. Сондай-ақ жұмысшылар мен арнайы техника саны артты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір нысанда 560 техника мен 1 мыңға жуық адам жұмыс істеп жатыр. Осылайша, Қарағандыдан Балқаш қаласына дейінгі аралықтағы барлық жол олық жөндеуден өтетін болды. Қазірдің өзінде айналма жолдардың 94% жойылды. Егер бұрын жалпы ұзындығы 148 шақырым болса, қазір 9 шақырым ғана қалды. Атап өткен жөн, Қарағанды мен Балқаш қаласының жалпы ұзындығы 363 шақырым.

Сырым Хамзин, «Қазавтожол»ҰК» АҚ Қарағанды облыстық филиалының басшысы:

– 45 үлкен көпір бар бұл жерде, соның 32-сі ауылшаруашылық техника өтетін көпірлер. 11 су мен өзендерден өтетін көпір және 2 жол айрығы бар. Қазір жұмыстың қарқынына байланысты өйткені абаттандыру жұмыстары жақсы жүріп кетсе, бітіруге де мүмкіндік бар негізі. Біз сметаның қымбаттауын барлығын уақытылы шешсек, келесі жылы жақсы бітіруге болады.