AMANAT партиясының өкілдері 900 ауылды аралады

Ауыл тұрғындарымен кездесу үшін партия мобильді қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл шалғайдағы ауыл халқының сауалдары мен мәселесіне жедел кері байланыс орнатуға мүмкіндік беріп отыр. Мамандар осындай жолмен, наурыз айынан бері 6 мыңнан астам адамның мәселесін тыңдап, кәсіби бағыт-бағдар беріпті. Ауылдықтарды су, газ, электр қуатымен жабдықтау, байланыс, білім, жол мәселелері толғандырады. Шағымдардың 29 проценті әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты болған. Жалпы жыл басынан бері партияның қоғамдық қабылдауларына 104 мыңнан, астам келіпті.