Өскеменде дабыл құрылғысы 29 адамның өмірін құтқарды

Күз келіп, күн суытқанда жеке үйлерде өрт те жиілей бастайды. Пешті қараусыз қалдырудың соңы кейде қайғылы жағдайларға әкеліп жатады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл басынан бері Өскеменде 8 адам тілсіз жаудан мерт болған. Осыған орай, төтенше жағдайлар департаментінің мамандары үй-үйді аралап, тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Улы газдан сақтандыратын 3 мың дабыл құрылғысын, тегін орнатып берді. Жалпы соңғы 3 жыл ішінде дәл осы қондырғылардың көмегімен 29 адам өрттен аман қалған екен, оның 23-і балалар.

Нұржан Өміржанов, ШҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

– Бұл жерде ең басты көніл әлеуметтік жағдайы нашар жанұяларға бөлінген. Бұл жалғыз қалған қарт адамдар, көп балалы жанұяар немесе мүгедек адамдар. Осы адамдар арасында бүгінгі күнде біз улы газды анықтайтын қондырғылар орнатып жатырмыз. Жалпы бұл үйлердің саны 3 мыңнан астам біздің облыс бойынша.