Әлемнің 17 елінен келген алпауыт компаниялар техникасы елорда көрмесіне қойылды

Өңдеу өнеркәсібі мен техника құрастыратын 242 кәсіпорын өз өнімдерін елордада таныстыруда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Отандық компаниялардың ұсынар машиналары қандай? Бұл өрт сөндіру роботы Петропавлдағы зауытта құрастырылған. Машина жасаушылардың айтуынша, толық 100 процент отандық өнім. Робот қалай жұмыс істейді? Оператор оны 1 шақырым қашықтықтан пульт арқылы басқара алады. Яғни қауіпті аймақтағы өртке құтқарушылар бара алмайтын жерлерге осы роботты қашықтықтан жіберіп, мына бейнебақылау камерасы арқылы қадағалап, басқара алады. Жіберіп көрсетсек, Робот 6 сағат көлемін өртті емін-еркін сөндіре алады екен.

Бұл робот әзірге сынақтан өтіп жатыр. Тиімділігін көрсетіп жатса, келер жылдан бастап төтенше жағдайлар министрлігінің техника паркіне қосылады деп күтілуде. Бұдан бөлек отандық компания көп бағыттағы машинаны да құрастырып, жұртшылық назарына ұсынған. Бұл техниканың үстіне кез келген қондырғы орнатуға болады. Тіпті қауіпті аймақтардан жаралы адамдарды да эвакуациялау мүмкіндігі бар.

Айдос Қалқабеқ, ұлттық компанияның инженер-конструкторы:

Қазір көріп тұрғандарыңыз бұл система пожаротушения. Өрт сөндіру мақсатында МЧС-терге қолданып тұр. Ал негізі соғыс болатын жағдайда адамдар бара алмайтын жерге үстінде дистанционно управляемый модуль болады. Артына жарақат алған адамдардың таси береді керек жерге.

Жалпы бұндай көрмелер өңдеу өнеркәсібі мен машина құрастыратын компаниялар үшін маңызды алаң болып табылады. Өйткені салаға қажетті тың техникаларды жұртшылық назарына ұсынып, тапсырыс берушілермен келісімге отыру мүмкіндігі де туындайды. Сондықтан болар, биылғы шараға әлемнің 17 елінен 242 компания қатысып отыр.

Ерлан Есімов, көрме жетекшісі:

Бұл көрме осымен екінші мәрте өткізіліп отыр. 2020 жылы пандемияға байланысты онлайн болған. Биыл қатысушылар саны 40 процентке артып отыр. Барлығы өзінің өңдеу өнеркәсібі мен машина жасау саласындағы тың өнімдерін көрсетіп жатыр.

Жалпы өңдеу өнеркәсібі мен машина құрастыратын компаниялардың көрмесі 2 күнге созылады.

Авторлары: Риат Шони, Самат Сүлейменов