Индустрияландыру жылдарында машина жасаудағы өндіріс көлемі 6 есе өсті

Табыс 2,3 трлн теңгеге дейін артты. Қазақстан машина жасау-шыларының 10-Форумында Премьер-министр осылай деді. Әлихан Смайылов, бүгінде экспортқа қаРағанда, импорттың үлесі басым екеніне, ерекше мән берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселені шешу үшін, жүйелі және кешенді шаралар қабылдау қажеттігін айтты.Сонымен қатар Үкімет басшысы «Kazakhstan Machinery Fair» көрмесінің экс-позициясымен де танысты. Онда 17 елдің 240-тан астам компаниясы, өз өнімдері мен технологияларын ұсынды.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

- Машина жасау саласын дамытудың кешенді жоспары бағдарламалық құжатын әзірлеу және қабылдау туралы ойланатын кез келді. Өйткені ұзақ мерзімді жүйелі шаралар болмаса бұл салада айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу қиын. Бұл ретте бүгінгі форум мен панельдік сессиялар осы жүйелі жоспар аясында  қосымша қолдау шараларын ойластыруға  өз септігін тигізеді деп ойлаймын.