Шымкентте әскер сапына шақыру алушылардың қатары 40 %-ке дейін артты

Бұл көрсеткіш соңғы төрт жылдықта өскен. Ағымдағы жылы әскерге көктемгі және күзгі науқанда 1 мың 600 адамды тарту көзделді, деп хабарлайды «хабар 24».

Шақырылушылардың  261-і қарулы күштер сапына жөнелтілсе, шекара қызметіне 150 азамат, ұлттық ұлан қатарына 300 бала аттанған. Сондай-ақ төтенше жағдайлар министрлігі мен мемлекеттік күзет қызметіне де тартылды. Қазір 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтарды әскер қатарына шақырудың күзгі науқаны басталды. Ағымдағы жылы Отан алдындағы борышын өтеуден 300 – ге жуық азамат жалтарған. Олардың не себепті шақыру парағын алмағаны анықталып жатыр.

Алмаз Тілеуханов, қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы

- Өздеріңіз білесіздер бұл шақыру жұмыстары сыбайлас жемқорлықтың тәуекелі көп жер. Өйткені халықпен жұмыс. Сондықтан біз бірінші кезекте осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл агенттігінің қалалық департаментімен әр-түрлі шаралар өткізіп келеміз. Ол дегеніміз осындай түсіндіру жұмыстары.