Шымкентте жәдел медициналық жәрдем қызметкерлері арасында спартакиада басталды

Сайысқа еліміздің облыс-қалаларынан 18 желілік бригада қатысып жатыр. Сондай-ақ Өзбекстан мен Қырғызстан да екі команда сайысқа шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әуелі ақ халаттылар симулияциялық орталықтың мүмкіндігімен танысып, тәжірибе алмасты.  Екі күнге жоспарланған жарыс кезінде қатысушылар ахуалдық тапсырма бойынша сынға түседі. Шұғыл әрекет ету алгоритмін сақтап, өз біліктілігін көрсете алуға тиіс. Ұйымдастырушылар өңіраралық ынтымақтастықты арттыруға бағытталған шараның маңызы зор,-дейді. 

Нұрлыбек Асылбеков, қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Жүрекке байланысты, травмаға байланысты сынықтар осы төрт түрінен өткізіледі. Енді бұның ішінде фельдшерлер, дәрігерлер өздерінің біліктілігін арттырады. Араларындағы жарыс арқылы жедел – жәрдемді уақытылы көрсетуді, сапалы көрсетуді шыңдайды.