Алматыда жемқорлықпен күрес тақырыбында жиын өтті

Алматыда қала тұрғындарын толғандыратын және олардың тарапынан сын тудыратын 6 негізгі сала анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар - денсаулық сақтау, білім беру, экология, жер қатынастары, экономика мен қаржы, құрылыс пен тұрғын үй секторы. Мысалы дәрі-дәрмек пен медициналық құрылғыларды мемлекеттік сатып алуда деректер анық көрсетілмейді. Ал, құрылыс нысанын салуға рұқсат беруде заң бұзушылықтар болады. Саладағы олқылықтар мен кемшіліктерді жоюға және азаматтардың әлеуметтік көңіл - күйін жақсарту үшін біз жұртшылықпен тығыз өзара іс-қимыл жасауымыз қажет» дейді мамандар.

Саян Ахметжанов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі превенция қызметінің басшысы:

- Қоғамның пікірі осы өілдердің өздерінен , айтқан ұсыныстарынан белгілі болады. Сол себептен біз ол картаны әрі қарай жалғастырып, атқарылған жұмыстар болса оны басқа салаларға кәзіргі уақытта туындап жатқан. Көп сұрақтар бар ғой бюджетке байланысты, мелекеттік сатып алу, әлеуметік қорғау, бәрін әрі қарай жетілдіруге бірлесіп жұмыс атқаруға тырысамыз.

Жиында қоғамдық кеңес мүшелері де өз пікірлерін ортаға салды. Жалпы, сыбайлас жемқорлықпен күрес жалпы ортақ мәселе. Басты міндет ел сенімін Ақтау.

Саян Ахметжанов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі превенция қызметінің басшысы:

- Ең басты нәтиже халықтың сенім деңгейін жоғарлату. Мемлекеттік аппаратқа, жалпы билікке. Президент саясатына сәйкес осы жұмыс жүйелі түрде , ай сайын күн сайын атқарылып жатыр.

Жиын соңында тараптар қоғамның күш-жігерін біріктіру арқылы сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне жол бермеуде өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.

Авторлары: А. Садуақас, К. Амраев