Қазақстан-Ресей шекарасында елімізге кіріп жатқан шетел азаматтарының саны артқан

Қазір 30 өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Адамдар мен көлік құралдары ағынының ұлғаюына байланысты, оның төртеуінде кептеліс байқалуда. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі хабарлады. Ахуал ерекше бақылауда. Шекара қызметі мемлекеттік құзыретті органдармен бірлесіп, өту орындарында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде. Ресей шекара ведомствосымен өзара бірлескен іс-қимыл ұйымдастырылды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі өзінің іс-әрекетінде халықаралық шарттарды және Қазақстан республикасының ішкі заңнама нормаларын басшылыққа алады, делінген хабарламада.