Бір миллиард тыңдарман. Димаш Құдайбергенов жанкүйерлері

Әлемде Димаш Құдайбергеновтің талантына тәнті болған тыңдарман саны 1 млрд-тан асады. Ал оның орындауындағы құлақтан кіріп, бойды алатын әсем әуендер жер жаһанға тарады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақ баласының әндерін естіген еуропалық оқушылардың ән айтуға ынтасы артып, қазақ тілін меңгеруге қызығушылығы оянды, – дейді  жанкүйерлері.

Айта кетейік, бүгін Алматыдағы орталық стадионда Димаш Құдайбергеновтің жеке концерттік кеші өтеді. Оған әлемнің 70-ке жуық елінен мыңдаған адам келген.

Оның танымалдығы Майкл Джексоннан да асып жатыр деп. Ол шын деп ойлаймын.

Бір миллиард тыңдарманы. Бүкіл әлемге әйгілі әншілердің бірі болғандықтан, оның тыңдарман саны да көп екені мәлім ғой.

– Әнді ғажап айтады. Тіпті оны біздің словакиялық мектеп оқуышылар сүйсініп тыңдап, ән салуды үйреніп жатқанын көріп жүрміз.