Қарағанды облысында пилоттық жоба негізінде «отбасының цифрлық картасы» енгізіле бастады

Қазірдің өзінде онда шамамен 200 мың отбасы туралы ақпарат бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ондағы деректер күн сайын әлеуметтік бағдарламалардың 80 пара-метрі бойынша, жаңарып тұрады. Жоба 2023 жылы толық жұмыс істейді. «Цифрлық картада» белгілі бір адамның отбасы туралы, барлық дерек бір жерде тоҒыстырылған. Егер отбасы қандайда бір қиындыққа тап болып, мемлекет тарапынан әлеуметтік көмекке тиесілі болса, цифрлық карта оны автоматты түрде  анықтап, смс-хабарлама жібереді. Әлеуметтік жәрдем-ақы, төлемдер немесе мемлекеттік қолдаудың өзге де түрлері тағайындалып, оның банк шотына аударылады. Мұнда да жаңашылдық бар. Есептелген қаржының барлығы, цифрлық карта аясындағы «әлеуметтік әмиянға» түседі. Ол екінші деңгейлі банк картасымен, бір деңгейлес болғанымен, артықшылықтары да бар.

Қайсар Ақбаров, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы:

- Бұл әмиянға түскен ақша, қаражат бізде сол кісіге ғана тиесілі біріншіден, екіншіден басқа банк, каллектор, салық органдары бұл ақшаға бұғаттау жасай алмайды. Яғни адам өзіне керекті азық-түлік болсын, болмаса киім-кешек болсын не болмаса коммуналдық төлемдерін төлеуге мүмкіндік болады.