Павлодар облысында жылда қар басып қалатын 257 жол учаскесі анықталған

Өткен жылы республикалық және облыстық маңыздағы жолдар 120 рет жабылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында дайындық жұмыстары, қазірден пысықталып жатыр. Қыс мезгілінде жолдарды, күтіп ұстаумен 24 мердігер ұйым айналысады. Мамандардың мәліметінше, жауапты кәсіпорындар, қар тазалау техникаларын дайындап қойған. Қар құрсауында қалып қоятын учаскелерге, арнайы белгілер орнатылып жатыр. Сонымен қатар, аумақты қоҚыстан тазарту жұмыстары қолға алынды. Жалпы, жергілікті маңыздағы жолдарды күтіп ұстауға 1 млрд. теңгеден астам қаржы қаралған.

Ақылбек Баяхметов, облыстық ТЖД басқарма бастығы:

- Бүгінде облыста қар басып қалатын жол учаскелерінің бойында 180 жылыту бекеті дайындалды. Бұл нысандар 15 мыңнана стам адамды орналастыруға қауқарлы.  Медициналық апаттар орталықтары сақадай сай. Сонымен қатар, азаматтық қорғаныс құрылымдары жасақталды.