Экспорт аясын кеңейтіп, бизнеске жаңа мүмкіндіктер ашу үшін сауда жолдарын әртараптандыру қажет

Әсіресе, Қазақстанға кеме қатынасын ретке келтіріп, ашық теңіз арқылы ішкі өнімнің транзиттік әлеуетін арттыру маңызды.

Осы орайда, одақтас елдердің мүмкіндігін пайдаланған жөн. Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеҢесінің кезекті отырысында, біздің тарап кеме қатынасы туралы Келісімнің күшіне енуі үшін, қажетті құжаттарды қабылдауды ұсынды. Бұл келісім Қазақстан фло-тының ашық теңізге шығуына мүмкіндік береді. Бүгінде Қара теңіздегі жүктер елімізге Волга-Дон каналы арқылы жеткізіледі. Ал кеме қатынасы туралы келісім, Транс-каспий халықаралық көлік баҒдары бойынша, Ақтау және Құрық порттарының транзиттік әлеуетін ынталандыруға, сондай-ақ Қара және Жерорта теңіздерінің порттарына дейін, жүктерді тасымалдауға қызмет етеді. Сол үшін де, Қазақстан таРапын бастап барған, Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин келісімді жеделдетуді ұсынды.