Бельгиялық фермерлер көк сиырдың тұқымын Қазақстанда өсіруге қызығушылық танытып отыр

Олар асыл тұқымды сиырдың ұрығын елімізге экспорттап қана қоймай, жергілікті шаруалармен фер-маларды басқару, мал шаруашылығына, жаңа технологияны енгізу тәжірибесімен бөлісуге дайын. Қазақстандық делегацияның Корольдікке жасаған сапарында, тараптап осындай келісімге келді.

Марғұлан Баймұхан, Қазақстанның Бельгия мен люксембургтегі елшісі:

- Біздің фермерлер ірі қара мал өсіру мен ет және сүт бағытындағы өндіріс секторында белгілі бір технологияларға мұқтаж. Менің ойымша, мұндай сапарлар өте қажет. Сондықтан  қазақстандық шаруалардың Бельгия провинцияларына келуі үшін қажетті жұмыстарды ары қарай жалғастыра бермекпіз. Тағы бір айта кетерлік жайт, жуырда бельгиялық серіктестеріміз қазан айында Астанада өтетін «ҚазАгро» агроөнеркәсіптік көрмесіне қатысуды жоспарлап отыр.

Өмірбек Алтангадас, мал шаруашылығы кәсіпорнының бас директоры:

- Бельгийское белоголовье деген тұқымын қызықтадық екі күн бойы. Сосын жаңағы сүтті бағыттағы ешкілердің фермаларын қызықтадық. Әрине, жақсы идеялар қалыптасты. бүгін осы барған фермамызда  сүтті ешкі бағытында жұмыс жасап жатқан адамдармен танысып, сөйлесіп,  тәжірибе алмастық. Тәжірибе алмасу мақсатында бұл кісілер де бізге осы октябрьдің жетісі күні келетін болды.

Сондай-ақ...