Павлодар облысында 13 ауылда әлі күнге дейін мобильді интернет жоқ

Осы жылдың соңына дейін екі елді мекенде байланыс станциялары қойылады. 

Шалғай ауылдарда халық саны аз болғандықтан, операторлар ғаламтор желісін тартуға асықпайды. Енді бұл мәселені шешу мақсатында жоба әзірленді. Кешенді жоспар аясында байланыссыз отырған жерлерде геостационарлық емес, спутниктік технологияны қолдану жоспарланған. Сала мамандарының айтуынша, жоба 2025 жылға дейінгі мерзімді қамтиды. Алдағы жылдары аймақта, ұялы байланыс сапасы айтарлықтай артып, өңірдегі 300-ден астам елді мекен тұрғындарына қолжетімді болады.

Дархан Мырзабаев, облыстық Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы:

- Әзірге мобильді байланыс 1200 халқы бар тағы 11 ауылда жоқ. Байланыс операторлары бұл елді мекендерді мобильді инфрақұрылымды дамыту бағдарламасына қосуды жоспарға енгізбеген.  Қазіргі уақытта ауылдарды геостанционарлы емес спутниктік жүйелердің көмегімен интернетпен қамту қарастырылуда. Келіссөздер жүргізілуде.