Маңғыстау облысында итбалықтарға чип салынады

Әлемдік тәжірибеге сүйенсек акула, тасбақа, тұтасқанат тағы басқа да балықтарға чип салу сәтті жүзеге асқан.

Ендігі кезек итбалықтарға жеткен сыңайлы. Қазақстандық мамандар араб ғалымдарымен бірлесе құрылғыны сынақтан өткізуді қолға алды. Көлемі шағын датчик наноматериалдан жасалған.

Әсел Тасмағамбетова, эколог:

- Нано материалдардың арасында Графенге сұраныс қашанда жоғары. Ол өзі бір атомның қалыңдығындай ғана көміртек. Ең жұқа әрі төзімді нәрсе. Өкінішке қарай, кең қолданыста жоқ. Сондықтан біз жұмыста лазерлі-дуцировалық графенді қолдануды шештік. Жасалуы қиын болса да, ең тиімдісі осы.

Каспий маңы мемлекеттерінің ешқайсында итбалықтардың нақты саны жайлы мәлімет жоқ. 100 жыл бұрын теңіз сүтқоректілері 1 млн асқан. Қазір 100 мыңдайы қалды деген ғана болжам айтылады. Айта кетейік, 2019 жылы Ақтауда итбалықтарды зерттеу және оңалту орталығы ашылды. Мамандар бүгінге дейін 40-тан астам эндемикті құтқарғандарын Басым көпшілігі 3 айға дейінгі күшіктері.

Әсел Тасмағамбетова, эколог:

- Каспийдің қазіргі экологиялық жағдайы мәз емес. Тіптен, өте ауыр деп сипаттауға болады. Био ортаның ластаунынан жалғыз итбалық емес, теңізді мекендеген балықтарға да қауіп төніп тұр. Біздің ойымызша, ертелі-кеш мұнай өндіруші компаниялар қызметіне мораторий жариялайтын уақыт келеді.

Былтыр Каспий итбалығын оңалту орталығында ғалымдар кеңесі құрылды. Ал биыл көктемде Сауд Арабиясында халықаралық маңыздағы алғашқы жиын өтті. Тараптар итбалықтарды қорғау бойынша бірлесе жұмыстануға уағдаласты.

Авторлары: Талғат Исламұлы, Саламат Бекбаев