Атырау облысының шаруалары мемлекеттік бағдарламаның игілігін көріп отыр

«Жаманқұдық» жайлауында отырған шаруа Мәрзия Әбішеваның отары бүгінде 1500 басқа жетті, деп хабарлайды «Хабар 24»

Осыдан 4 жыл бұрын 200 тоқтымен шаруасын бастаған малшы отбасы мемлекет қолдауының арқасында кәсібінің нәсібін көре бастады.

Мәрзия Әбішева, қожалық жетекшісі:

– 2020 жыл біз асылтұқымды статусқа ие болдық. Сонан бері жақсы көмегі бар. Себебі біздің осы еділбай қойын бағып-өсіргеніміз үшін мемлекеттен субсидия беріп отыр. Малдың жем-шөбіне әдейі бөлінген ақшалар бар. Соларды алып отырмыз. Төлін аман-есен өсіргеніміз үшін алып отырмыз. Енді жеңілдіктер бар.

Мемлекет қолдауына сүйенген шаруалар жеңілдетілген несиенің пайдасын сезінгелі басқа түліктерді байқап көруде. Ғабит Хайруллиан осыдан 4 жыл бұрын 200 бас қой алған екен . Қазір мал басы 1000-ға таяпты. Енді алдыңғы қарызын жауып, биыл сондай жеңілдетілген несиемен асыл тұқымды ақбас сиыр алып отыр. Өткен күзде әкелінген 32 бас қашар келер жылы төлдемек. .

Ғабит ХайруллиН, шаруа:

Қайтарымы манағы 2 жыл каникулы бар. Ай сайын пайызын төлейміз. 7 пайызбен алдық ай сайын оны төлей береміз ал жалпы сомасын бір рет төлейміз жылына. Енді былайша мал өсіруге жақсы.

Бүгінде Атырау облысында 3 мыңнан астам шаруашылық болса, барлығы дерлік жеңілдетілдген несиенің арқасында мал басын көбейтіп келеді. Тек өткен 8 айда түрлі мемлекеттік бағдарламалар бойынша 4 млрд теңгеден астам қаражат игеріліп, 200-ге тарта ауыл тұрғыны малды болды.

Гүлзада Шалағұлова, ауыл шаруашылығын несиелендіру корпорациясының өкілі:

– Жалпы жылдың аяғына дейін біз 3,6 млрд теңгені иегереміз деп отырмыз. Аудандардың ішінде ең жақсы белсенді жұмыс істеп жатыр деп Қызылқоға ауданын айта аламыз. Қызылқоғада барлық бағдарлама бойынша қаражат игеру жұмыстары жүріп жатыр. Біздер қазір агробизнес бағдарламасымен жұмыс істеп жатырмыз. Сосын жергілкті бюджеттен бөлініп жатқан қаражатымыз бар ШОБ дамытуға.

Сол сияқты «Еңбек» бағдарламасы да кәсіп иелері үшін үлкен мүмкіндік болғалы отыр. Қыркүйек-қазан айларында еліміз бойынша агрокешенді дамыту мақсатында ұлттық жоба іске қосылмақ. Оған қазірдің өзінде Атырау облысынан 167 шаруа өтініш тапсырыпты. Ол несиелер асыл тұқымды мал өсіретін қалыптасқан шаруашылықтардың онан әрі дамуына және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге берілетін болады.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Темірлан Сұлтанғазиев