Жеңілдетілген автонесие қарашадан бастап қайта беріле бастайды

Бұл туралы «Индустриялық даму қорының» өкілдері хабарлады.

Жеңілдетілген автонесиелерді өтеу аясында енгізілген қаражат жинақталып, қараша айынан бастап жылдық 4% қайтадан несие түрінде беріледі. Бұл туралы Қазақстан машина жасаушыларының Х форумында «Индустриялық даму қоры» төрағасының орынбасары Ринат Ғаппаров мәлімдеді. Осы уақытқа дейін 13,5 мыңнан астам несие мақұлданып, 11 мыңнан астам автокөлік берілген. «Айналмалы қорлар түсе бастады. Менің ойымша, айналым қаражаты қайтадан бағдарламаға енгізіліп, қаржыландыру қарашаның бірінші жартысында ашылады деп ойлаймын. Қараша айынан бастап жыл сайын 2000 көлік болады», – деді Р. Ғаппаров.