loader

ҚР Бас мүфтиі Павлодар облысына барды

ҚР Бас мүфтиі Павлодар облысына барды

Павлодардың Достық үйінде «Дін, дәстүр – халық қазынасы» деген атаумен Қазақстанның Бас мүфтиі Наурызбай қажы Өтпеновтің қатысуымен конференция өтті.

Кездесуге мешіт имамдары, ғалымдар, теологтар, педагогтар, қоғам белсенділері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, «Әбу Бәкір Сыддық» колледж - медресесінің шәкірттері мен оқытушылары шақырылған. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Өтепов елімізде тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтап, өзара ынтымақтастықты дамытуға ислам дінімен қазақ халқының салт-дәстүрлерінің маңызды рөл атқаратынына ерекша тоқталды. Атадан балаға мирас болған халық құндылықтарын тек жиындарда талқыламай күнделікті өмірде қолданып, дәріптеудің маңызы зор. Егер біз әдет-ғұрыпқа берік болсақ, елімізде тәртіп орнап, қоғамымыздың руханияты мен мәдениеті арта түседі. «Бүгінгі таңда технологияларды дамыту дәуірі жүріп жатқанын ұмытпаған абзал», – деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Өтпенов.

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Құрманова имамдар мен молдалардың кәсіби біліктілігін арттыру өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті. Діни білім беретін мекемелерде оқитын тұрғындар саны жыл санап артып келеді.

«Конференция дін саласына ғылыми тұрғыдан сараптама жасауға тың серпін беретіні сөзсіз», – деп атап өтті Айзада Құрманова. «Дін, дәстүр – халық қазынасы» атты конференция ҚР Бас мүфтиінің Павлодар облысына сапары барысындағы негізгі шара болды. Наурызбай қажы Өтпенов облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовпен кездесті. Кездесу барысында өңірдің діни жағдайы талқыға түсті. Оның ішінде ауыл имамдарына қолдау көрсету, мешіттерді білікті мамандармен қамтамасыз ету жағы сөз болды.

Жоғарғы мүфти Әбілқайыр Сқақовқа қолдау білдіргені үшін және Павлодар облысы Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасымен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға әріптестік танытқаны үшін алғыс айтты.

Сонымен қатар Бас мүфти Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінде «Мұнара ТВ» студиясының ашылуына және әлеуметтік аз қамтылған отбастарына арналған қайырымдылық акциясына қатысты. Бұдан кейін Наурызбай қажы Өтпенов Павлодар ауылында орналасқан облыстағы жалғыз рухани білім ордасы - «Әбу Бәкір Сыддық» колледж – медресесіне барып, шәкірттер мен оқытушылар құрамымен кездесті.

Сондай-ақ...