Экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасына қаражат қажет

Елде 1 санаттағы шамамен  1000  кәсіпорын бар екенін ескерсек, 50 шақтысының өзгелеріне қарағанда қоршаған ортаға зияны орасан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауадағы шығарындылардың 80 пайызы солардың үлесінде.

Бауыржан Әбенов, ОҚТ бюросының жетекшісі:

- Орталық  2020-2021 жылдары аралығында  республика бойынша ірі деген 85 кәсіпорынға талдау жасады. Нәтижесінде  біз 8 сала бойынша  анықтамалық  әзірледік. Оның ішінде,  мысалы «Цемент пен әк», «Мырыш пен калмий», «Мыс пен бағалы металл»  тәрізді өндірістер бар. 2023 жылы дәл осындай анықтамалықтың тағы үшеуін түзу жоспарда тұр.

Мамандардың айтуынша олар әзірлеген анықтамалықтар ауадағы шығарындылардың көлемін 60 пайызға дейін төмендетеді. Алайда технология тиын сұрайды.

ОҚТ қағидаттарын мейлінше қолжетімді ету үшін бүгін француздың «Citepa» агенттігімен бірге жиын өтті.

Наталья Сирина-Лебуан, «CITEPA» агенттігінің  ауаны ластауды төмендету стратегиялық бөлімінің жетекшісі:

- Халықаралық тәжірибені алсақ жалпы ОҚТ қағидаттары аса қымбат технологияны қажет етпейді. Кей мемлекеттер, әсіресе, Еуропа тіпті осы қалдықтардың өзін кәдеге жаратып, пайда тауып отыр. Мәселен, ауадағы шығарындыларды қайта өңдеп, одан құрылысқа қажетті материал алуда.

Технологияларды қолжетімді ету үшін мемлекет тарапынан жасалып жатқан жеңілдіктер де жоқ емес. Мәселен, кәсіпорындар комплекстік экологиялық рұқсатты алғаннан кейін  экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасының қолданылу кезеңіне дейін салықтан босатылады. Осы аралықта жиылған қаржыны олар жаңа технологияны енгізуге жұмсай алады.