Алматы облысында Психикалық оңалту орталығында жаңа бөлім ашылды

Облыстағы жалғыз психатерапия орталығы Талғар қаласында орналасқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

30 жылдан аса тарихы бар медициналық мекемеде жуырда балалар бөлімі ашылды. Қазіргі таңда ақыл-есі сыр берген балдырғандарды емдеп, сауықтыруда.

Нұргүл Жанаева, облыстық Психикалық денсаулық орталығы балалар бөлімінің меңгерушісі:

- Ол балаларымыз бізден психологтардан өтеді, дефектологтар айналысады, логопедтер оқытады, невропатологтар қарайды. Олар психологтар, логопедтер сабақ өтеді.

Айгүл Сыздықова, тұрғын:

- Пандемия басталған кезде баламның психикалық денсаулығы бұзылып, қайта-қайта тырысып қалды. Осында алып келген соң мамандар көмектесіп, баламның беті бері қарады. Қазір жағдайы жақсы.

Алматы облысы бойынша 10550 адам психатерапия орталығының тіркеуінде тұр. Олар денсаулығына қарай ретімен ем қабылдап отырады. Жағдайы жақсарған науқастар үйіне шығарылып, учаскелік дәрігердің бақылауында болады.

Талғат Сейітов, облыстық Психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары:

- Біріншіден, стационарлық бағана 250 орындық деп айттық қой осы 6 бөлімшеден тұратын. Содан кейін стационарлықтың ішінде стационарлық реабилитациялық көмек бірге жүреді. Психотерапияның ондаған түрлері пайдаланылады. Жалпы топтық, жеке тұлғалық, арттерапия, музыка терапия дейді.

Стационарлық ем мен оңалту курстары жақсы үйлесім тауып отыр. Психологияда еңбек терапиясыныңда пайдасы көп. Науқастар бау-бақша өсіруді меңгеріп, матадан әртүрлі оюларды ояды. «Жұмыстың көмегімен бір мезгіл сергіп, тынығып қалады»,-дейді мамандар. Авторлары: Аршын Кемелжан, Сержан Жұмабаев