Атыраулықтар Шағырай батырға арнап кесене тұрғызды

Шағырай Жәдікұлы 18 ғасырдың басында Атырау- Орал өңірінде өмір сүрген. Әйгілі «Қызжібек кинофильміндегі Бекежанның прототипі осы батырдың бейнесінен алынған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінгі іс-шараға осы кинотуындыдағы кейіпкерлерді сомдаған актерлер қатысты. Бекежан бейнесін сомдаған дарабоз актер, Қазақстанның еңбек Ері- Асанәлі Әшімов пен қазақ қызының эталоны іспеттес Қыз Жібекті ойнаған Меруерт Өтекешоваға ерекше құрмет көрсетілді. Рухани шараның соңы бозкілемдегі балуандар белдесуімен жалғасты.

Асанәлі Әшімов, Қазақстанның Еңбек ері, актер: 

- Сонау ұлы бабаларымыз Керей-Жәнібектен басталған мемлекетіміз Абылайға ақыл қосқан ұлы 3 биіміз, оң қол, сол қол болған Қаракерей Қабанбай мен қанжығалы Бөгенбай. Онан бергі ұлылар, алаштың азаматтары қазақтың осыншама кең байтақ жерін бізге қалдырды. Соны сақтауымыз керек. Елді сақтауымыз керек, тілді сақтауымыз керек.

Меруерт Өтекешова, кино және театр актрисасы:

- Өнер жолын бастағанда мен ешқашан да ойлаған жоқпын. Менің жанымда Бекежан болады деп. Жібекті ойнап, Төлеген болып. Ол КСРО кезінде осындай фильмді шығарып, осындай рольдерді атқарып, осындай біздің жеріміз бар, осындай халқымыз бар сол кезде біз бүкіл елге көрсеттік.