loader


Көкшетауға жылу беріле бастады

Биыл шаһарға жылу тарататын мекемеде бір емес бірнеше қазандық күрделі жөндеуден өткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Одан бөлек қосымша қондырғылар да жаңартылды. Жалпы осы жылы қалыпқа келтіру жұмыстарына облыстық әкімдіктің қолдауымен 2,5 млрд теңгегеден астам қаржы бөлініпті. Уақытында атқарылған жүйелі іс, жылыту маусымын жылдағыдан сәл ерте бастауға мүмкіндік берді, - энергетиктер.

Руслан Мәкішев, «Көкшетау жылу» мекемесінің бас директоры:

- Біз қазандықтарды қала әкімінің тапсырмасы бойынша 23 қыркүйек күні жаға бастадық. Ал, осы өткен 2 күннің ішінде шаһардағы денсаулық сақтау, білім беру және басқа да әлеуметтік нысандарды жылуға қостық. Одан бөлек қазірдің өзінде 180 көпқабатты үйге жылу жетті. Қалған үйлерге де біртіндеп жылу беріп жатырмыз. Бұл жұмыстар қазан айына дейін жалғасады.

Бұдан бөлек қаладағы магистральді құбырлар да жаңартылған. Жалпы Көкшетаудағы жылу желілерінің жартысына жуығы ескірген. Алайда, жауапты мекеме мамандары, оларды кезең-кезеңімен жөндеп жатырмыз, - дейді. Мәселен, биыл сондай 3 шақырымнан астам құбыр жаңасына ауыстырылған.

Ержігіт Түнғатаров, «Көкшетау жылу» мекемесінің бөлім басшысы:

- Тепломагистраль екінші биылғы жылы ауыстырылды. Ұзындығы 743 метр, аяқталды соны ауыстырды. Ол диаметрі 700-ден 1 мыңдыққа ауыстырылды. Темірбеков көшесі бойында диаметрі 500-ден 700-ге үлкейтіліп, 920 метр ұзындығы ауыстырылды. Және де ішкі кварталдық құбырлар ауыстырылды.

Жалпы қалада аталған мекемеден жылу алып отырған 900-ден астам көпқабатты үй, 2 жарым мыңға жуық жеке баспана, 1 мыңнан аса әлеуметтік, әкімшілік және өнеркәсіп нысандары бар. Ал, олардың бәрін қыстан аман алып шығу үшін 400 мың тоннаға жуық көмір мен 20 мың тонна мазут қажет. Кәсіпорын, оларды сатып алу жайлы арнайы келісім бар және алғашқы партиясы келіп те жатыр, - дейді.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Евгений Шинкаренко

Сондай-ақ...