loader


Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр соңы қарға ұласады

Елдің солтүстік өңірлерінде күндіз +1, +6 шамасында болады.

Алдағы үш күнде солтүстік өңірлермен қатар орталық және шығыс аймақтарда да күн суытып, жаңбыр жауады. Соңы қарға ұласады. Синоптиктер бұл күндері жер қатып, тұман түсетінін болжап отыр.

Алина Исмағұлова, «Қазгидромет» РГП баспасөз хатшысы:

- Қыркүйектің соңғы аптасында күздің салқыны сезіле бастайды. Оған суық антициклонның келуі себеп. Елдің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде ауа температурасы нөлден төмендейді. Сондай-ақ алдағы тәуліктерде жел күшейеді. Оңтүстік-батыс пен оңтүстікте дауыл тұрады. Ал оңтүстік және батыс өңірлерде күндіз ауа температурасы 15-23 градус аралығында жылы болады.

Сондай-ақ...